«Елбасы жолы» киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасай отырып.

«2016 жылы желтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Алматы қаласының мәдениет және мұрағат басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы жолы» киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көрермендерге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған: «Балалық шағымның аспаны», «Отөзен», «Теміртау», «Тығырықтан жол тапқан» (реж. Рүстем Әбдірашев) және биыл ғана тұсауы кесілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмдері көрсетіледі.

Айта кетейік, бес бөлімнен тұратын «Елбасы жолы» киноэпопеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянын баяндайды.

Фильмдер қазақ және орыс тілінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында (Б.Момышұлы көшесі, Рысқұлова даңғ. қиылысында) көрсетіледі. Кіру тегін.

Көрсетілімдер кестесі:

1 желтоқсан: 13:00  «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі

2 желтоқсан: 13:00  «Отөзен» және «Теміртау» көркем фильмдері

3 желтоқсан: 13:00  «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмі

4 желтоқсан: 13:00  «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі.

Пікір қосу