Әнші Қайрат Нұртас 21 желтоқсан күні «Алматы Аренада» өтетін концерттің билеттерін кассада тұрып өзі сатады, деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы эстрада жұлдызы Инстаграмдағы парақшасында жазды. Билет сатып алуға келгендер әншімен бірге селфиге түсіп, автограф ала алады.

«02.12.2016 күні сіздерді 14:00-ден 17:00-ге дейін «Республика сарайы» кассасында күтемін. Өзім кассир боламын! 21.12.2016 күні Алматы Аренада болатын əн кешіме билеттерді өз қолымнан сатып ала аласыздар. + SELFIE + АВТОГРАФ», — деп жазды әнші парақшасына.

Пікір қосу