25 қарашада алғаш рет Өскеменде  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегімен «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасы басталды. 

Ашық сабақты Лондондағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Бейжіңдегі және Риодағы Олимпиада ойындарының екі дүркін қола иегері Ольга Рыпакова мен «Астана» Президент клубының спорт менеджері Юрий Мельниченко өткізді, деп хабарлайды sports.kz «Астана» Президент клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ольга Рыпакова — Өскемен қаласының тумасы. Бір қызығы, ашық сабақ өткізген білім ошағы өзі тәмамдаған №7 мектеп болып шықты. Жеңіл атлет  салауатты өмір салтын қалыптастыруды және балалар мен жастар арасында спортпен шұғылдануды насихаттауға бағытталған «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасын қуана қолдаған.

Балалар чемпиондарды көріп қуаныштарын жасырмады. Қонақтарды күтіп алып жатып, балалар алдын ала дайындаған сөздерін айтты: «Олимпийских пять колец, Рыпакова — молодец!». Спортшы бүлдіршін қыздардың спортқа деген ынтасын оятты: «Бүгін бізге Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың өзі келді! Мен де ол секілді сұлу, мейірімді әрі мықты болғым келеді!»  — деді мектеп оқушыларының бірі.

Пікір қосу