Жақында құрылған Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз xатшысы болып белгілі ақын Ақберен Елгезек тағайындалды. Бұл туралы ақын өзінің facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

«Қадірлі ағайын! Елордаға оралдық. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің баспасөз xатшысы лауазымына тағайындалдық. Журналист әріптестеріме қолдан келген көмегімді көрсетуге даярмын», — деп жазды ол өз парақшасында.

Ақберен Елгезек бұған дейін ОҚО облыс әкімі аппарат басшысы орынбасары қызметінде болған. Естеріңізге сала кетсек, қазан айында құрылған Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің басшысы болып ОҚО-ның бұрынғы әкімі Бейбіт Атамқұлов тағайындалған.

Пікір қосу