Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларына бірден кәсіби боксқа көшуіне тыйым салынады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Рио Олимпиадасынан кейін ұлттық құрамадағы бірнеше боксшы кәсіби боксқа ауысатынын мәлімдеген. Бұл өз кезегінде ұлттық құрама басшылығына ұнамай қалды.

«Біз балаларды жақсы түсінеміз. Алайда ұлттық құраманың бұл боксшыларға қаншама қаржы мен қаншама күш жұмсағанын ұмытпау керек», — деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

Бұдан былай ұлттық құрамада жүрген боксшылар кәсіби боксқа ауысатын болса, федерациядан рұқсат сұрауы керек. Ал жақында ғана кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген Жәнібек Әлімханұлы бұл күндері Павлодарда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бақ сынауда.

Пікір қосу