Халықаралық Олимпиадалық комитетінің тәртіптік комиссиясы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) анықтайды, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Естеріңізге сала кетейік, «әділ спорт» қағидалары мен таза спортшыларды қорғау және допингті қолдануға «нөлдік төзімділік» саясатын қолдау — Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті қызметінің басты бағыты.

ҚР ҰОК Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан танылған еліміздегі жалғыз ұйым. Сонымен қатар, ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия мен Бүкіләлемдік допингке қарсы Кодексін танып, әлемдік допингке қарсы қозғалыстың мүшесі.

Пікір қосу