«Хабар» арнасында жолсеріктердің қызыққа толы өмірі баяндалатын «Сапарластар хикаясы» атты телефильм көрермендер назарына ұсынылмақ. Бұл туралы thenews.kz хабарлайды.

Фильм 16 бөлімнен тұрады.Телехикаяның қоюшы-режиссері Серікбол Өтепбергенов жаңа туындысы арықылы көрермендерге күлкі сыйламақ.

«Бұл фильмді жастар аудиториясына арнап отырмыз. Әр бөлімге жеке-жеке оқиғалар арқау болды. Телехикая кейіпкерлері тап болатын жәйттар, езу тарттырар көріністер — соның куәсі», — дейді ол.

Фильмнің негізгі кейіпкерлері — отандық жолсеріктер. Олардың жұмысы түрлі оқиғалар мен қатерге толы. Жетекші рольдерде кәсіби актерлермен қатар еліміздің танымал әншілері де ойнайды. Олардың арасында Айқын Төлепберген мен Айжан Нұрмағамбетова да бар.

Айта кетейік, фильм бүгіннен бастап «Хабар» арнасында 19-00-де көрсетіледі.

Пікір қосу