Ресейдің Санкт-Петербург қаласында әйелдер күресінен Олимпиада чемпионы  Наталья Воробьеваның жүлдесіне арналған Халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл туралы dodasport.kz жазады.

Бұл жарыста ел намысын Ақмола облысының балуан қызы Айна Теміртасова қорғады. 60 келі салмақта Айна қарсыластарын оңай ұтты. Сайыстағы төрт қарсыласын да уақытынан бұрын жеңді.

Айта кетсек, Айна желтоқсан айында Щучинск қаласында өтетін Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А. Қазымбетова атындағы дәстүрлі турнирде бағын сынамақ.

Пікір қосу