Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 2016 жылдың 25-27 қараша күндері Жапонияның Саппоро қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан NHK Trophy кезеңінде  өнер көрсетеді.

NHK Trophy – финал алдындағы мәнерлеп сырғанаудан «Гран-При» сериясындағы соңғы кезең. Қорытынды желтоқсан айында Францияның Марсель қаласында өтетін финалда шығарылады.

Ресейде өткен «Гран-При» Rostelecom Cup-2016 барысында жалпы есепте бесінші орынға тұрақтаған қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева да жарыс жолына шығады. Қазақстандық спортшы 181,32 балл жинады. Жарыс әйелдер мен ерлер арасындағы жұпсыз сырғанаудан және мұз үстінде билеуден өтті.

Айта кетсек, Элизабет Тұрсынбаева бұған дейін  қазан айының басында Монреальда өткен Autumn Classic International Skate Canada халықаралық турнирінде қола медаль иеленді.

Пікір қосу