Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениетінің университетінде болды. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Аталмыш жоғары оқу орны басшылығымен өткен келіссөздер барысында діни саладағы кәсіби отандық мамандарды даярлаудағы әрі қарай жалғасатын өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Министр Н.Ермекбаев ұстаздар мен оқытушылар құрамымен кездесуде «Нұр-Мүбарак» университетінің ағымдағы жұмысына оң баға бере отырып, оның қызметіне алдағы уақытта да қолдау көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ министр оқу корпустары мен студенттік жатақхана ғимаратын аралап шықты, деп хабарлайды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Пікір қосу