Алқалы жиынға еліміздің барлық өңірінен жиналған 700 делегат қатысады.

Тек судьялар ғана емес, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, халықаралық пен қоғамдық ұйым өкілдері шараға арнайы келген. Жиында әдеттегідей сот жүйесін одан әрі дамытудың жай-жапсары талқыланады. Сонымен қатар судьялардың жаңа Этикалық кодексі қабылданады деп жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл құжатты әзірлеу кезінде тек заңгерлердің ғана емес, халықтан түскен өтініштер де ескерілген. Айта кеткен жөн, бұған дейін судьялар білімін тексеретін жаңа жүйе енгізілді. Оған сәйкес бұдан былай олар психологиялық тестілеу мен жалғанды әшкерелейтін құрал арқылы сыналады. Осылайша, талап күшейтіліп отыр. Бұл шаралар 5 институционалдық реформаның екіншісі, яғни, заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін қолға алынды. Алқалы жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

 

Пікір қосу