«Жаужүрек мың бала» туындысымен есте қалған актриса Әлия Әнуарбек (Телебарисова) ана атанды. Бұл туралы өзінің әлеуметтік парақшасына жариялады.

«20.12.2016 жыл. 19:03-те дүниедегі ең әдемі қыздың анасы атандым! Аллаға шүкір!Бәріңізге осындай бақыт тілеймін!» деп қуанышымен бөлісті.

Естеріңізге салсақ, Әлия Әнуарбек бұған дейін Ақан Сатаевтың «Ағайынды» және «Жаужүрек мың бала» киноларына түскен болатын. 2014 жылы актриса Азамат есімді жігітке тұрмысқа шықты.

Пікір қосу