Актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын және ұқсағысы келетін сұлу бикештердің арасында байқау жариялады. Ол бес түрлі образда түскен бес суретін жариялап, шаш үлгісі мен бет-әлпетін дәл сол суреттегідей етіп әрлеген қыздарды іріктемек. Бұл туралы өзінің Instagram  парақшасында жариялады.

“Маған инстада “Мені Сізге ұқсатады”, “Сізге ұқсағым келеді”, “Парақшамдағы суретті тексеріңізші, ұқсаймын ба?” деп жиі жазады. Маған бір ой келді: неліктен осыны жай ұқсату, еліктеу емес (өйткені, əр жаратылған жанның өзіндік сұлулығы мен ерекшелігі бар), қызықты өнер байқауына айналдырмасқа?” – деп жазған еді Жолдыбаева осыдан бірнеше күн бұрын.

Cол байқаудың шарттарын әнші жариялады. Ол үшін төмендегі 5 суретке қарап, дәл сондағыдай шаш үлгісі мен MakeUp жасатып суретке түсу керек.

Айта кетейік, қатысушылар жариялаған суреттерін #men_Kamshatka_uksaimyn хэштегі арқылы белгілеуі тиіс. Байқау 7 күнге созылады. Ал жеңімпаз Жолдыбаевамен кездесуге шақырылады. Актриса бұл байқауда бір емес, екі бірдей арудың жеңіске жететінін мәлім етті.

Пікір қосу