2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан 16 атлетті шеттету және нәтижесін жою туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Шеттетілген 16 спортшының қатарында жүлде алған қазақстандық 3 спортшы бар. Олар Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Ирина Некрасова (63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) бар.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын қазақстандық үш ауыратлетті ХОК 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медальдарынан айырған болатын. Олар Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедова. Әзірше Илья Ильиннің мәселесі шешілген жоқ. 

Пікір қосу