Актер Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Бүгінге дейін шамамен актер 6 миллион теңгесін қайтарды. Ол «Қазақфильмге» барлық қарызды өтеп беретінін мәлімдеді және өзіне осындай міндетті алды», — деді Қайрат Қожамжаров Мәжіліс отырысының үзілісінде журналистерге.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әртістің кепілмен босатылғанын еске салды. Айта кетейік, 2 қараша күні қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқырды» деп айыпталған еді. Кейін ол өз кінәсін толық мойындады.

Пікір қосу