Әнші Толқын Забирова енді өз ұлын халықаралық деңгейдегі байқауға дайындауда. Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Ұлы Диардың қандай сайыста бой көрсететінін әнші ашып айтпады. «Алдымен нәтиже болуы керек» дейді ұстаз-ана.

«Менің ізбасарым, өнер жолын қуып келе жатқан балам К.Байсейітова атындағы мектепте фортепиано аспабын меңгеріп жүр. Көптеген жаңалықтарымыз, жетістіктеріміз бар. Бірақ оларды айту үшін алдымен оның нәтижесін көруіміз керек. Республикалық, халықаралық конкурстардың барлығы алда. Сондықтан қазір ол да мен сияқты дайындық үстінде, жұмыс үстінде. Алдын ала айтпай-ақ қояйын, нәтижесі шыққан кезде оны өздеріңіз білесіздер», – деді Забирова.

Пікір қосу