Он бес жасар Астана тұрғыны Бэла Темиева жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты, деп хабарлайды thenews.kz.

Жаңа әлеуметтік желі хабарлама алмасумен қатар желі қолданушыларына видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойлап тапты.

«Жобамның аты «CoffeeFold «, мағынасы «кофе» және «бума» дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой», — деді Бэла Темиева жоба презентациясы кезінде.

Пікір қосу