АҚШ-та өткен халықаралық ән фестивалінде жерлесіміз Мерей Зейнеш жеңіске жетті, — деп хабарлайды Thenews.kz.

Фестивальге Австралияның, Канаданың, Францияның және Жапонияның дарынды әншілері қатысқан. Осы байқауда өзінің ерекше дауысы, ән орындау мәнерімен Мерей Зейнеш жеңіске жетті. Жас әнші тырнақалды туындысын небәрі 17 жасында өмірге әкелген. Бұдан бұрын 2011 жылы Оңтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік поп-фестивальдің жеңімпазы атанған.

Фестиваль еліміздің айтулы күнінің қарсаңында болғандықтан, мен жеңісімді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнадым. Концерт залында біздің байрағымыз желбіреп тұрды. Көрермендер еліміз туралы көбірек біліп, енді Қазақстанды одан әрі құрметтей түседі, — дейді жас әнші Мерей Зейнеш.

Айта кетейік, 25 жастағы жас әнші оқуын енді АҚШ-та жалғастырмақ.

Пікір қосу