астана клубы

«Астана» футбол клубы банкрот деп жарияланды. Бұл туралы NewTimes.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, «Астана» кәсіби футбол клубы» АҚ-ның салық органдары алдында 36 миллионнан теңгеден астам қарызы болған. Ал қарызды мәжбүрлеп өндіру шаралары нәтижесін бермепті. Соның салдарынан Астана қаласы Алматы аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа «Астана» кәсіби футбол клубы» АҚ-ны банкрот деп жариялауға өтінім берген.

«Іс материалдарын тексере келе Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана» кәсіби футбол клубы» АҚ-ны банкрот деп жариялады. Банкроттық процедура 9 ай мерзімге қозғалды», — деп жазылған қалалық сот таратқан хабарламада.

Пікір қосу