алия

– Тегіңізге тоқтала кетсек, Телебарисова деген түсініксіздеу…

– (Күлді). Осы сұрақты маған жиі қояды. Кеңес өкіметі кезінде жаңылыс кетіп, атамның тегін қате жазып қойған. Негізінен, тегіміз «тіллә» атауына жақын көне түркі тілінде «ақша, алтын» деген мағынаны білдіреді. Ал «барис» өзіміздің «барыс» сөзін қате жазып жібергеннен туған. Менің тегіме байланысты көптеген әзілдер айтылып жатады. Тіпті соңғы кездері тегімді Әнуарбек деп жаздырып жүргенімді бұқаралық ақпарат құралдары дұрыс түсінбей, «Әлия Телебарисова тұрмысқа шығып, тегін өзгертті» деген болжамдар жасауда. Бұл – әкемнің есімі.

– Ғаламтордағы түрлі сайттарда ең сұлу қазақ қыздарының тізімі жасалып тұрады. Сіз де ең сұлу қыздардың бестігіне енген екенсіз. Көбіне төртінші немесе бесінші орынға табан тірейсіз. Бірінші болмадым деген өкініштер, реніштер болмай ма?

– Жоқ. Мен рейтингтерді қарамаймын. Оған еш ренішім жоқ. Себебі біздің кең байтақ елімізде сұлу қыз-келіншектер өте көп.

– Алматы шаһарының сұлуы болып танылған бойжеткенсіз. Көркіңізге көңіліңіз тола ма?

– Әрине, толады. Мен жаспын. Ең бастысы, денім сау. Қыз балаларға айтарым, ұйқыдан тұра салысымен айнаға қарап, өзіңізді тек сұлу, келбетті ару ретінде қабылдаңыздар. Соңғы кездері бойжеткендер ұл мен қыз деп талғамайтын киім үлгілеріне әуес болып жүр. Меніңше, қыз балалар әрдайым нәзік болып қалуы керек.

– Жауапсыз махаббатыңыз болған ба?

– Бастауыш сыныпта бір балаға қатты ғашық болғаным бар. Мінезімнің ұяңдығынан сезімімді білдірмек түгілі, оған қарауға қатты ұялатынмын. Міне, осыны сәбилік жауапсыз махаббат деп айтуға болатын шығар. Есейе келе жауап­сыз махаббатқа жол берген емеспін. Менің жасым небәрі он тоғызда. Әлі өзімді жас баладай сезінемін. Нағыз махаббатымды кезіктірген жоқпын. Барлығы әлі алда деп ойлаймын.

– Ер-азаматтарды қандай қасиеттері үшін бағалайсыз? Сіз үшін ең маңыздысы жігіттің келбеті ме,әлде материалдық жағдайы ма? Тағы басқа қандай ерекшеліктеріне назар аударасыз?

– Меніңше, ер-азаматты ұнатсаң, ешбір кемшілігін байқамауың мүмкін. Тәтем «Шын махаббатыңды кезіктірсең, оның бойына, ақшасына да көңіл аудармайсың» дейді. Мен үшін ең бастысы – жігіттің адамгершілігі мол, мені қолдай алатын, жүрегінде иманы болғаны.

ienzhcrp8eu

– Жанкүйер немесе жақын досыңыздың сезімін білдіру мақсатында сізді таңғалдырған сәттері бар ма?

– Әрине, өмірімде романтикалық сәттер аз болған жоқ. Бірақ ерекше есімде қалғаны – бір ер-азаматтың парашютпен секіргені. Ол жігіт бұл қадамын маған арнағанын биіктікте түсірілген бейнеролигі арқылы жеткізді. Оның биіктіктен қорқатынын ескерсек, бұл оқиға – ержүрек сері жігіттің романтикаға толы нағыз батыл қадамы. Мені қатты таңдандырды.

– Жалған сұлулыққа қалай қарайсыз? Менің айтып отырғаным – татуаж, боялған шаш, жалғанған кірпік сияқты нәрселер…

– Негізінен шашымды боямаймын. Бірақ Америкада жүріп ақымақтық жасағаным бар. Мен бұрымым беліме түсетін қолаң шашты қыз болатынмын. «Жаужүрек мың бала» фильміне жасанды емес, өзімнің бұрымыммен түскенмін. Таңертең ұйқымнан тұра салысымен мазам болмай, өзім сабаққа кешігіп жатқанмын. Айнаға қарадым да, өзгергім келген болар, әйтеуір, шашымды қиғым келді. Сол сәтте эмоцияға беріліп, шашымды қиып, сосын қараға бояп тастадым. Әрине, шаш қиып үйренбеген соң қисық-қыңыр болып қалды. Бұл менің алғашқы және соңғы шаш қиып бояуым деп үміттенемін (күлді). Ал татуажға келер болсақ, оған мүлде қарсымын. Әсіресе қылдай етіп боялған қас иелеріне таңғала қараймын. Меніңше, барлық елдерде, тіпті Еуропаның өзінде табиғи қалың қастар сәнге айналғалы қай заман?! Еуропа елдерінде қылдай татуаж жасап алған ханымдарды көрген еуропалықтар «ТМД-дан келген қонақтар» деп айырып, танып жатады. Мен табиғи сұлулықты дұрыс көремін.

(…толық нұсқасы
«Жұлдыздар отбасы» журналының 

№5 (143) наурыз, 2013 жылғы санында)

Дайындаған косметолог-визажист Светлана АХМЕТОВА

Пікір қосу