Әбілахат Смағұлұлы Еспаев — көрнекті композитор. 240-қа жуық әндер мен романстардың авторы, 8 спектакльге музыка жазған. Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі”, С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке”, Ә.Тәжібаевтың «Той боларда” спектакльдеріне және И.Байзақовтың «Ақбөпе” поэмасы бойынша радиоқойылымға музыка жазды. 1973 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ән байқауында Ж.Жабаевтың сөзіне жазылған «Одағым – бақыт ордасы” атты әні үшін жүлделі екінші орынды иеленді. Композитордың ән мұрасы қазақ өнерінің алтын қорына енген.

Туған жылы: 25 қазан, 1925 жылы (1980 жылы 30 сәуірде дүниеден өтті);

Туған жері: Қостанай қаласы (бұрынғы Торғай), Тобыл өзенінің жанындағы екінші ауылда дүниеге келген;

Білімі:

  1. Могилев әскери училищесінде офицерлер курсы;
  2. 1951 жылы Алматыда ҚазМУ-де оқып жүріп (қазіргі ҚазҰУ), сол жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы) композиторлық факультетіне ауысады;

photo06022015_04Еңбек жолы:

  • 1942 жылы 17 жасында өз еркімен майданға сұранып аттанады;
  • 1948 жылы әскерден оралған жас офицер мектепте мұғалімдік қызмет атқарады;
  • 1953 жылдан Қазақ радиосында музыкалық редактор.

Шығармалары:

  • «Туған ел» әнін мектеп қабырғасында, 17 жасында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сапақовтың өлеңіне жазған.
  • «Днепро туралы жыр» (С.Мәуленовтікі) әні
  •  «Аққуым» (Ж.Молдағалиев)
  • «Ақ сәуле» (Қ.Аманжоловтікі)
  • «Маржан қыз» (С.Адамбеков)
  • «Қазақ частушкасы» (М.Әлімбаев)
  • «Шофер келді қырманға» (Т.Ысмайылов)
  • photo06022015_03«Қыз қуу» (Қ.Сатыбалдин)
  • «Бейбітшілік сақталады» (Н.Шәкенов)
  • «Республика туралы жыр» (І.Мәмбетов)
  • «Торғай толғауы», «Жангелдин отрядының әні» (Ғ.Қайырбеков)
  • «Солдат сәлемі» (Н.Шәкенов)
  • «Толқиды Тобыл» (С.Тұрғынбеков)
  • «Сағыныш екен бала кез» (О.Әубәкіров)
  • «Өзің де жігіт, қызықсың» (М.Әлімбаев)
  • «Қыз әзілі» (Қ.Шаңғытбаев)
  • «Жігіт жауабы» (Ә.Жәмішев),
  • «Ұстазым менің, ұстазым» (А.Шамкенов)
  • «Қайдасыңдар, достарым» (Қ.Ыдырысов)
  • «Орамал» (Ғ.Орманов), т.б. әндері халыққа кең тараған.
  •  «Ақсәуле» (1967 ж.), «Ортеке» (1969 ж.), «Аққуым» (1975 ж.), «Ұстазым менің, ұстазым» (2008 ж.) т. б. ән жинақтары шыққан.

 

Пікір қосу