18 — 24 қараша аралығында «Цезарь» кинотеатрында Ресей кино апталығы өтеді, деп хабарлайды Kino.kz сайты. 

Шараны Ресей мәдениет минситрлігі, «Планета кино» және «Цезарь» кинотеатрлары ұйымдастыруда. Кино апталығында ресейлік Ренат Давлетьяров, Артем Темников, Стас Милославский, Дмитрий Богдан, Александр Тютрюмов сынды жас режиссерлер мен актерлердің туындылары ұсынылмақ. Сондай-ақ, Константин Хабенский, Гоша Куценко, Юрий Быковтар қатысушыларға видео-сәлемдеме жолдайды.

Кино апталықтың медераторы ретінде Олег Борецский бекітілген.

Билеттер «Цезарь» кинотеатрдың кассаларынан және «Тикетон» сайтында сатылуда.

Пікір қосу