BBC телеарнасы 12 қараша – 16 желтоқсан аралығында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – Еуразия жүрегінде. Таңғажайып саяхат» атты бейнеролик көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл шараны Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған. Фильмнің негізгі мақсаты —  Қазақстанның соңғы 25 жылда жеткен жетістіктеріне әлем назарын аударту. Еліміздің мәдениеті және терең тарихын көрсетумен қатар, жылдам дамып келе жатқан мемлекет ретінде көрсету.

Деректі фильм Орта Азияға ХІХ ғасырда келген британиялық Томас Уитлам Аткинсонның саяхаты негізінде бейнеленген. ВВС фильм арқылы әлем жұртшылығын қазіргі Қазақстанмен, оның елордасымен, еліміздің алуан түрлі мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстырады.

Бұл фильм алдағы уақытта 400 миллионға жуық аудиторияға таратылмақ.

Пікір қосу