11 қараша күні Шанхайда Бокстан Қытай чемпионы Елшат Нығматуллаұлы  WBO нұсқасы бойынша  чемпиондық белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Елшат ҚХР Гуандун провинциясының  боксшысы Се Чжучуанмен жекпе-жекте 8 раундтың қорытындысы бойынша (75:70; 75:70;75:70) төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл оның кәсіби рингтегі 9-жекпе-жегі. Оның ішінде 2-еуін нокаутпен жеңген.

«Енді менде шетелдік боксшылармен айқасуға жол ашылды. АҚШ-қа сапар шегуге де мүмкіндігім бар», — деді боксшы журналистерге берген сұхбатында.

Пікір қосу