Парижде өтіп жатқан Франция Гран-приінде қысқа бағдарлама бойынша қатысып жатқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен үшінші орында келеді, деп хабарлайды Sportbox.ru.

Әзірге көш басында 96,57 балл жинаған испандық  Хавьер Фернандес. Одан кейін 92,85 балл алған американдық Натан Чен келеді. Денис Тенде — 89,21 балл.

Еске сала кетейік, 2013 жылы осы бәсекеде Тен қола медаль еншілеген болатын. Франция Гран-приі 13 қарашада аяқталады.

Пікір қосу