Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг 2016 жылғы жетістіктері бойынша әлемнің үздік дзюдошысы атанды, деп хабарлайды Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Абу-Дабиде өткен «Grand Slam» турнирі Галбадрах Отгонцэцэг үшін Қазақстан құрама сапындағы (2016 жыл) 10-ыншы халықаралық жарысы болды. Ол осы күнге дейін 10 жарыста – 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленген. Атап айтар болсақ, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін Халықаралық Гран При және 2 дүркін «Grand Slam» турнирлерінің жеңімпазы. Сондай-ақ, Ұлан-Батор мен Дюссельдорфта өткен «Grand Prix» турнирлерінде күміс медаль иеленсе, Баку мен Тиблисидегі халықаралық турнирлерде қолаға қол жеткізген болатын.

Айта кетсек, әлемдік рейтингте екінші орынға Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, +78 келі салмақта екі дүркін әлем чемпионы кубалық Ортиз Идализ жайғасты. Ал 78 келіге дейінгі салмақта екі дүркін Олимпиада және Әлем чемпионы америкалық Кайла Харрисон үштікті қорытындылап тұр.

Пікір қосу