Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Парижде өтетін «Trophée de France» халықаралық Гран-При турниріне қатысады. Жарыс бүгін түнде сағат 23.40-та басталады.

Турнирге 11 мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Олардың қатарында америкалық Адам Риппон, жапондық Такахито Мура, ресейлік Артур Дмитриев, испаниялық Хавьер Фернандес т.б. бар.

Айта кетейік, жарыс 13 қарашаға дейін созылады. Бүгін түнде отандасымыз қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

 

Пікір қосу