Халықаралық бокс ұйымы  (IBO) барлық салмақ санатындағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Жанат Жақиянов 51-ші орынға төмен түсті. Жартылай орта салмақтағы боксшымыз Александр Журавский   80-нен   84-ші орынға түсті. Қанат Ислам 93-ші орынға көтеріліп 5 сатыға жоғарылады. Бірінші ауыр салмақ кестесінде алтыншы жолды иеленген Бейбіт Шүменов  ТОП-5-тікті түйіндеді. Осы салмақтағы Иса Ақбербаев 40-тан 39-шы орынға көтерілді.

Пікір қосу