Амангелді Нақыпұлы Сембин — әнші, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1973 — 1975 ж. Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» опера театрында тәжірибе жинақтаудан өткен, сол «Ла Скала»-да ән шырқаған тұңғыш қазақ.

Туған жылы: 9 мамыр, 1945 жылы.  (2007 жылы дүниеден өтті)

Туған жері: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы

Білімі: 1970 ж. Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін бітірген

Еңбек жолы:

  • 1971 — 1973 және 1975 — 1980 ж. Қазақ академиялық опера және балет театрында соло-әнші;
  • 1969 жылы Германияда, 1972 жылы Чехославакияда, 1975 жылы Францияда гастрольдік сапарлармен өнер көрсеткен;
  • 1980 ж. Алматы театр-көркемсурет институтында (Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы) ән салу кафедрасында ұстаз;
  • 1991 ж. Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында доцент;
  • 1994 ж. Сембин — «Саз сөздігі» (итальянша-қазақша музыкалық терминдердің сөздігі), 1994 ж. «Ән бағдарламасы» және 2001 ж. «Ән әліппесі» атты әдістемелік оқу құралдарының авторы.

Марапаттары:

  • 1972 ж. Бішкек қаласында өткен 4-Қазақстан және Орта Азия аймақаралық орындаушы-музыканттар байқауының лауреаты;
  • 1976 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

2 пікір

Пікір қосу