Алматы футбол клубы «Қайрат» сәрсенбі күні жартылай шабуылшы Андрей Аршавиннің 2017 жылғы маусымда қазақстандық клубы құрамында ойын көрсететінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik — Қазақстан.

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин  «Қайрат» клубының құрамында 2016 жылы 36 матчта ойнап, 11 гол соқты.

«Аршавинмен жасалған келісімшарт ұзартылды. Ол «Қайрат» футбол клубы құрамында 2017 жылдың соңына дейін ойнайтын болады», — деп жазылған команданың ресми сайтында.

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны мен «Қайрат» басқармасы биыл көктемде «1+1» схемасы бойынша келісімшарт жасасқан еді, яғни осы маусым аяқталғаннан кейін тараптардың келісімді тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар.

Пікір қосу