тимур сегизбаев

Темір Санжарұлы Сегізбаев — футболдан спорт шебері (1963), ҚазКСР-нің ЕСЖ-сы (1972). Сегізбаев 1957ж. Рига қаласында өткен мектеп оқушыларының 9-Бүкілодақтық спартакиадасына алғаш рет қатысып, шеберлік керсетті. 1960 жылдан жоғары топтағы «Қайрат» футбол командасында ойнап, жоғары топта 167 рет жасыл алаңға шықты.

Туған жылы: 12 мамыр, 1941 жылы

Туған жері: Семей қаласы

Білімі: 1962 жылы Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы-оқытушы.

Отбасы: Үйленген. Жұбайы — Сегізбаева Клара Абдоллақызы, қыздары – Айгүл, Жанна, Лаура;

Еңбек жолы:

  • 1955 ж. Футболдан ҚазКСР жасөспірімдер құрамасының ойыншысы;
  • 1959 ж. Жастардың футбол мектептері арасындағы одақ біріншілігіндегі ҚазКСР құрамасы құрамында ойын көрсетті (Воронеж);
  •  1960 ж. «Қайрат» футбол командасының шабуылшысы (Алматы);
  • 1970 ж. «Автомобилші» командасының аға жаттықтырушысы (Қызылорда);
  • 1971 ж. «Шахтер» командасының аға жаттықтырушысы (Қарағанды);
  • 1973 ж. «Қайрат» командасының жаттықтырушысы;
  • 1976 ж. . «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы (Алматы);
  • 1982 жылдан — КСРО олимпиадалық құрамасы жастар құрамының бас жаттықтырушысы;
  • 1983 жылдан — «АХЛИ» футбол клубының бас жаттықтырушысы (Абьян, Йемен), Йемен ХДР жеке құрамасының жетекшісі;
  •  1987 жылдан — «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы (Апматы);
  • 1989 жылдан — Қаз КСР Спорткомитеті футбол бөлімінің бастығы;
  • 1989 жылдан — ҚазКСР Футбол ассоциациясының және Футбол одағының вице-президенті, президенті, бас хатшысы (ҚР);
  • 2006 жылдан — зейнеткерлік демалыста.

«Т.Сегізбаев өмірінің он күні» кітабының авторы, «Қашан өзімізде Пеле болады?» кітабының бірлескен авторы.

Марапаттары:

  • 1963 ж. Спорт шебері;
  • 1973 ж. Футболдан КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері;
  • 1973 ж. ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
  • ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері.

 

 

Пікір қосу