91

Көкшетауда «91» тобы концерт қоюға келеді және билеттер онлайн негізінде сатылып жатыр деген ақпарды естіген белсенді азаматтар бірден қарсылық білдірді. Тек олардың топтың репертуарындағы әндерге қарсылығы жоқ екен. Тәуелсіздікпен байланыстырып қойылған «91» атауы мен киімдерін жөндесе деген талаптарын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсі.

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Сәуле Бөрібаева: «Аталған топ 11 қарашада «Көкшетау» мәдениет сарайында концерт өткізбек болған. Алайда билеттер аз сатылғандықтан, концерт өтпейтін болды»,–деп билеттердің дұрыс өтпеуіне байланысты концерт тоқтатылғандығын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, шаштарын бояп, құлақтарына сырға таққан «91» тобының концертін қойғызуға алдымен Шымкент, содан кейін Ақтөбе қаласының тұрғындары қарсы шыққан болатын.

Пікір қосу