Бибігүл Жексенбай Нұрғалиқызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Хабарламада: «Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды», — делінген.

Айта кетсек, Бибігүл Жексенбай қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» республикалық басылымында тілші болып бастаған. Кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеді. «Атамұра» басылымының тілшісі болып қызмет атқарды. Редактор, продюсер қызметтерін атқарды, кейіннен «Хабар» агенттігінің директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» телерадио корпорациясында да жұмыс істеді.

Пікір қосу