«Феникс» фильміне қазынадан бөлінген қаражатты жымқырғанын Тұңғышбай Жаманқұлов мойындады. Өз ісіне өкінініп, өзінің қажеттілігіне жұмсаған ақшаны қайтаратын болды.

Бұл туралы Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы өз веб-сайтында хабарлады. Содай-ақ бұл хабарламада: «Т. Жаманқұлов ҚР ҚК-нің 65 бабына сәйкес шын өкінуіне байланысты өзін қылмыстық жауаптылықтан босату және кепіл түрінде бұлтартпау шараларын қолдану туралы өтініш хатын мәлімдеді. 3 қараша күні Т. Жаманқұлов залалды жартылай өтеді және жеке басын, жасын және кепіл мүлікті салуын ескере отырып, оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды. Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақованың келтірілген зиянды толық өтеуінен кейін, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату бойынша өтініш хат қарастырылатын болады» делінген.

Пікір қосу