Еуропа Лигасындағы «Астана» — «Олимпиакос» матчы аяқталды.

Ойынның сегізінші минутында алғашқы болып «Астана» командасы есеп ашты. Голды команда шабуылшысы Джордже Деспотович соқты.

Ал «Олимпиакостың» жартылай қорғаушысы Себа 29-шы минутта есепті теңестірді. Есеп ойын аяқталғанша өзгеріссіз болды.

Қазіргі кезде топта жеті ұпаймен «Олимпиакос» алда тұр. Одан кейін 6 ұпаймен АПОЭЛ орналасты. «Янг Бойз» 4 ұпаймен үшінші орында болса, «Астана» екі ұпаймен тізімді аяқтап тұр.

Айта кетейік, 22 қарашада «Астана» өз алаңында АПОЭЛ командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 22:00-де басталады.

Пікір қосу