Орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жылы кем дегенде үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер BoxingNewsandViews.com-ға берген сұхбатында айтты. .

GGG командасы желтоқсан айында америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы жекпе-жекпе ұйымдастыруға тырысқан еді. Алайда бұл кездесу уақыт тапшылығына байланысты келесі жылға шегерілді.

«Біз Джейкобспен келіссөз жүргізуді жалғастырып жатырмыз. 2017 жылы GGG үшін ең кемі үш жекпе-жек ұйымдастыру жоспарымызда бар. Соңғы үш жылда ол өзін ең белсенді әлем чемпионы ретінде көрсетті»,- дейді Леффлер.

генадийАйта кетсек, Головкин «The Ring» журналының мұқабасына шықты. Бокс әлемінен сыр шертетін әйгілі журналдың мұқабасына орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық Геннадий Головкин, Андре Уорд, Роман Гонсалес және Сергей Ковалев сынды танымал боксшылармен қатар тұр, деп жазады sports.kz.

 

Пікір қосу