Туған жылы: 20.03.1915

Дүниеден өткен жылы: 18.11.1986

Туған жері: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Танагүл ауылы

Білімі:

  • 1928-1933 Шаруашылық жастар мектебі
  • 1933-1934 Ақмола құрылыс техникумы

Еңбек жолы:

  • 1934‑1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы
  • 1939‑1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары
  • 1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
  • 1947‑1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары
  • 1948‑1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы
  • 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
  • 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы
  • 1960 жылы Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасы
  • 1961 жылы Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасы
  • 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлікке босатылып жіберілген.
  • Қаракөл Ғылыми Зерттеу Институты

Марапаттары:

  • Ленин ордені
  • Еңбек ордені
  • Қызыл Ту ордені
  • «Құрмет Белгісі» ордені

 1960 жылы Қазақ КССР Министрлер Кеңесіне келгенде, бір аптада 12 қазақ жігітін жоғарғы лауазымдарға тағайындайды. Үнемі жас қазақ мамандарды іздеп, өсіріп отырғаны үшін Хрущев дәуірінде «ұлтшыл» деп айыпталады. 1956 жылы Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған зиялыларымыз ақтала бастады. Тәшенов жоғарғы қызметте болған тұста репрессияға ұшы­ра­ғандарды ақтау жөніндегі көптеген  жұмыстар атқарды. Алматыда үйсіз жүрген Мағжан Жұмабаевтің жары Зылиха Құрманбайқызына үй алып береді.

 «Тәшенов үйі»

 1960 жылы қазіргі Алматыдағы Қонаевпен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы 120 пәтерлік үлкен жаңа технологиямен салынған үйді түгелімен өнер мен әдебиет қайраткерлеріне бергізді. Осы Қонаев көшесіндегі № 135 үйді бүгінге дейін жұрт «Тәшеновтің үйі» деп атайды. Бұл үйге кіргендер қатарына Ілияс Омаров, Бибігүл Төлегенова, Гүлфайруз Ысмаилова, Кәукен Кенжетаев пен Шабал Бейсекова, Жамал Омарова, Сейфолла Телғараев, Құрманбек пен Шолпан Жандарбековалар, Шара Жиенқұлова, Қапан Бадыров, Жүсіпбек пен Хабиба Елебековалар, жазушы Хамза Есенжанов жатады.

Қазақ баспасөзінің жанашыры  

Сонымен қатар, Тәшенов қазақ тілі мен баспасөзінің жанашыры болған. Ол «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») және басқа қазақ газеттерінің жабылуына жол бермеген.

Қазақ жерінің біртұтастығын сақтаушы

Хрущев дәуірінде Қазақстанның ауқымды территориясының солтүстігіндегі бес облысты Ресейдің, Маңғыстау түбегін Түрікменстанның, ал оңтүстік областарын Өзбекстанның құрамына қосу жөніндежоспар жасалған.

Тәшенов бұл жоспарға қарсы болып, «Мен өзім Ақмолада туып-өстім, менің ата-анамның, ата-бабамның жаны осы жерде жай тапқан. Енді осы жерді бізден алып, Ресейге бергелі отырсыздар. Мұндаймен ешбір қазақ келіспейді. Ойланыңыздар, жолдастар! Мен осындай мәселенің көтергеннің өзіне жан-тәніммен қарсымын! Олай болса бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыңыз. Ал онда әрбір республиканың аумағы оның бұлжымас меншігі делінген. Егер Конституцияның бұл талабы өрескел бұзылатын болса, біз халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар»- деп мемлекет тұтастығын қорғап қалған.

img188 tashenov-1-1024x609 4e04f43cc076cb67f529446bc1e0d0a5_resize_w_1200_h_

 

Пікір қосу