Сәкен Сейфуллин мен Гүлбаһрам… Тағдыр бұл екеуін қалай қауыштырып, замана ағысы қалайша екеуін ажыратты?
1925 жыл… Сәкен Сейфуллин – саяси беделі бар қоғам қайраткері, белгілі жазушы. Гүлбаһрам – Совпарт мектебінде оқитын бойжеткен еді.

Сәкен Гүлбаһрамның туыстарының үйінде қонақта болған. Алайда, жеке таныстығы жоқ еді. Бірде Сәкен Гүлбаһрамға туысқандарынан хат келгенін айту үшін хабаршыны жібереді. Осылайша екеуі алғаш рет жүздеседі. Сәкен бойжеткеннің өзін-өзі ұстауынан ерекше батылдығын байқайды. Гүлбаһрамның қарапайым қыз емес екендігін түсінеді. Бойжеткен де алғысын білдіріп, өз жолымен жүреді.

Сәкен өзінің шығармашылық-әкімшілік сапарын жалғастыра береді. Бірақ, ойынан батыл бойжеткен шықпайды. Ақын «Совпарттағы қарындасыма» атты танымал өлеңін жазады…

Астана Қызылорда қаласына көшеді.

Гүлбаһрам күн сайын Сәкен өзінен хат алып тұратын болды. Осы хаттардың біразы Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин мұражайының қорында сақтаулы. Ақын осы хаттары арқылы Гүлбаһрамның жүрегін жаулап алады.

Сәкеннің ұсынысымен Гүлбаһрам Қызылорда қаласына көшіп келеді.

1929 жылы көптен күткен тұңғыш қыздары Лаура дүниеге келеді. Сәкен оны «Дәрдана» деп еркелететін. Бірақ Лаура ауруға шалдығып, 1932 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болды. Дәл сол жылдары Сәкеннің жанында, арқасүйеуі Гүлбаһрам еді.

Алайда, 1936 жылы қараша айында Сәкен мен Гүлбаһрамның отбасы қайтадан қуанышқа бөленеді. Дүниеге Аян атты ұлдары келеді. Аян есмін Мұхтар Әуезов берген.

Аян
Аян

Сәкен Сейфуллиннің туған інісі Мәжиттің жары Әмина апайдың естеліктерінде ол «Аян дүниеге келгеннен кейін Сәкен Гүлбаһрамды алақанға аялаған шынайы отбасылық бақыттың бейнесін жиі көруге болатынын» жазған.
Бірақ бұл бақытты сәттер көпке созылған жоқ…

1937 жылдың қыркүйегінде Сәкен Сейфуллин «халық жауы» атанып, тұтқынға алынады. Гүлбаһрам Сейфуллина Сәкенді соңғы рет 1938 жылы 8 ақпанда көреді.

 

 

Пікір қосу