Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ туындысы «Құнанбай» фильмі  қазанның 26-ы мен 28-і аралығында Уфа қаласында өткен «Күміс Ақбозат» атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесімен марапатталды. Естеріңізге салсақ, «Құнанбай» тарихи-көркем фильмі былтыр қыркүйек айында прокатка шықты.  Фильмнің режиссері Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері, өнер ардагері  -Досхан Жолжақсынов.

Пікір қосу