Сергей Дьяченко

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл туралы мәжілістің пленарлы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин  хабарлады.

«Сергей Дьяченко Мәжілістің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарында депутат болды. Төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең ауыр науқастан қайтыс болды. Барлықтарыңыздың атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын», — деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік,Сергей Александрович Дьяченко Ақмола облысы әкімі, Мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат қызметін атқарған.

Пікір қосу