Қуыршақ думан

29 қазан

 Сенбі, 11:00, 12.30

  • Авторлары:  С. Шукуров, К. Ешмуратова
  • Режиссеры:  С. Шукуров, К. ЕшмуратоваМемлекеттiк қуыршақтар театры

 «Қуыршақ думан»  қойылымында ерекше, естен кетпес концерттік бағдарламаларды тамашалай аласыздар. Украина, Армения, Прибалтика елдерінің ұлттық билерін және әлемге әйгілі шығыс билерін назарларыңызға ұсынады. Сахнаға Роза Бағланова, Майкл Джексон, Фарух Закиров сынды жұлдыздардың жеке ән қойылымдары көрсетіледі. Әсерлі ән де, мың бұралған  би де осында! Қуыршақтарға жан бітіріп, көрермен көңілінің кілтін табуға қуыршақ өнерінің майталман әртістері әрқашан дайын.

 

Пікір қосу