Танымал әзілкеш, пародист Аманғали Сыпабеков жақын арада шаңырақ көтереді. Бұл жаңалығын актер 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты.

Өнердегі әріптесі Серік Ибрагимовтың тойына қонақ болып келген Аманғали тойға өзіндік есеппен келгенін жасырмады. «Тойды қалай өткізу керек?» деген мәселеге бас қатырып жүрген әзілкеш бәрін көзімен көру үшін келгенін айтып, әзілдеді.

Бағдарламаға берген сұхбатында: «Үйленбесе болмайды екен. Бұйырса 22-қарашада үйленемін», — деді бойдақтықпен қош айтысқалы отырған актер.

Пікір қосу