Исламбек Салжан — «Алтын Қыран» компаниялар тобының бас директоры және негізгі құрылтайшысы.

Туған жылы: 6.10.1969

Отбасы:

  • Анасы: Теңке
  • Әкесі: Төлеубай
  • Жұбайы: Әсел
  • Қызы: Гауһар, ұлдары: Нұршат, Нұржан

Білімі:

1986 — 1993 Ақтөбе мемлекеттік медицина институты, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша. Хирург
1993 — 1997 Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институты, «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша. Экономист
2003 — 2005 Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Бизнес және іскерлік әкімшілік институты, Мәскеу қ., «Маркетинг және сауданы басқару» мамандығы бойынша, МВА дипломы
2011 — 2012 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі, Дьюк Университетінің (АҚШ)Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебімен серіктес.

                                                                                                                                     

Еңбек жолы:

1993 — 1998 «Мақсат Капитал» ШЖК-ның құрылтайшысы және директоры, Ақтөбе қ. (делдалдық қызмет және мұнай өнімдерінің көтерме саудасы)
1998 — 2000 «AKZHOL» қазақстан-герман бірлескен кәсіпорнының тең құрылтайшысы және директоры, (Батыс Қазақстанда ЖҚС желісін және терминалдың құрылысын жүргізу және оны іске қосу) (кәсіпорынның екінші тең құрылтайшысы — S. E.T.Select Energy GmbH компаниясының президенті Туре фон Валь мырза)
2000 — 2001 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Казахойл-Продактс» ЖШС-нің директоры («ҚазМұнайГаз» ЖҚС салу және оның жұмысын жүргізу)
2001 — 2004 «AKZHOL» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Актобе қ.
2004 — осы уақытқа дейін «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы және бас директоры, Астана, Ақтау және Атырау қалалары
 көліктік-экспедиторлық қызмет, соның ішінде 3722 жеке меншік вагон-цистерналарды жалға беру;
 инфрақұрылымдық мұнай және теміржол нысандарын салу және оның жұмысын жүргізу (терминал және вагон жөндеу зауыты);
 мұнай өнімдерінің халықаралық саудасы

        Марапаттары:

  • Мемлекеттік және қоғамдық қызметіндегі жетістіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар достығы мен ынтымақтастығының нығаюына қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған;
  • Жыл сайын берілетін «Алтын жүрек» Ұлттық Қоғамдық Сыйлығының 2011 жылғы «Жыл компаниясы» номинациясының жеңімпазы;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынатын «Білім Меценаты — 2012» алтын медалінің иегері.

 

Өмірдегі басты ұстанымы:

Адалдық! Әр істе үздік болу!

Ерекшеліктері:

Сусыны: Қымыз

Тағамы: Қазақша ет, қазы-қарта, балық тағамдары

Кітабы: «Абай жолы» эпопеясы, «Қан мен тер» трилогиясы

Жазушысы: Мұхтар Әуезов, Әбдімәжил Нұрпейісов

Актері: Асанәлі Әшімов

Киносы: «Жаужүрек мың бала»

Сүйікті әншісі: «МУЗАРТ» тобы

Сүйікті әні: «Көк тудың желбірегені»
05_0

semya

Пікір қосу