Бүгін Rin’Go тобы туған күнін атап өтті. Биыл  топтың сахнада жүргеніне 10 жыл толды. Осыған орай жігіттер 22 қазан Республика Сарайында жеке кештерін өткізеді. Концертке толықтай дайын екендерін жігіттер күні кеше баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын.

Ringo тобының анасы Алуа ханымның айтуы бойынша концерт қазақи болмайды. Ол көбіне батыстық стильде халықтың жүрегін жауламақ.

«Мен жүрегіме қатты қабылдаймын. Әрбір жобама қатты қобалжимын. Бейнебаянның түсірілімі болсын, әннің жазылуында да алаңдап отырамын. Ал, бұл үлкен шара болғандықтан жағдайымдыайтып жеткізу мүмкін емесМен сенімдімін, Алла қаласа ең керемет концерт болады»,- дейді Алуа Қонарова.

Пікір қосу