Кіші жүз ханы Әбілқайырдың әйелі Бопай ханым ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, дуалы мәмілегер болған кісі.

ae9e11db5da0ff37cc707fa6b8faec58Бопай ханым ел басқару ісінде Әбілқайырдың сенімді әрі ақылды серігі болып, ханмен бірге дипломатиялық қатынастарды реттеп отырған. Қазақ халқының басына ел болу не мүлдем жоғалу қаупі төнгенде Әбілқайыр ханың саясатына қолдау білдіріп, кемшін тұстары болса жасырмай кеңес беріп, жақсысын асырып, тіпті, әйел заты қатыспайтын құрылтайға барып, қазақ хандығының ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге атсалысады.

Бопай ханым 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз. Ол күйеуі Әбілқайырханның түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.

5652b204e54d9suret_pajym_1__genericӘбілхайыр хан дүниеден өткеннен кейін Елизавета патшайымның жарлығымен Нұралы Кіші орданың хан тағына отырады. Бопай ханым ұстанған бағытынан таймай, Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынып, батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Әбілхайырдың Бопайдан өрбіген ұл перзенттері бесеу — Нұралы (1710/11-1790), Ералы, Айшуақ, Қожахмет, Әділ мен қызы Зулейха.

Шын есімі Бәтима болған Бопай ханымды  орыс жазбаларында неліктен Попай, (кейбір жазбаларда Пупай) деп аталғандығы туралы  нақтылы деректер жоқ.

Бопай ханымның Әбілқайыр хан және қолбасшы қасындағы адамдарға жасаған ықпалының арқасында, тарихшылар оны орта ғасыр дәуірі мен жаңа заманның аса көрнекті қазақ әйелдерінің біріне жатқызады.

Пікір қосу