«Ғалия» әнінен үзінді
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.

Махаббаттың бар екенін және оның мәңгі өмір сүретінін дәлелдейтін тарихи оқиғалар мен аңыздар жетерлік. Соның бір дәлелі ретінде қозғағалы отырған әңгімеміз атақты Балуан Шолақтың жүрегін жаулап, мәңгілік махаббатына айналған әйгілі ару Ғалия Тілеуқызы туралы.

Махаббаттың бар екенін және оның мәңгі өмір сүретінін дәлелдейтін тарихи оқиғалар мен аңыздар жетерлік. Соның бір дәлелі ретінде қозғағалы отырған әңгімеміз атақты Балуан Шолақтың жүрегін жаулап, мәңгілік махаббатына айналған әйгілі ару Ғалия Тілеуқызы туралы.

1351320308
Ғалия Тілеуқызы

Қазақ әдет-ғұрпы бойынша Ғалияны жастайынан Біржан деген жігітке атастырылып, бой жеткен соң ұзатылады. Бірақ ол Біржанды сүймеген еді… Қазақи дәстүр бойынша Біржан деген жігітке атастырылып ұзатылған Ғалия барған жерінде екі жылдай тұрады. Бірақ, күйеуі бала көтермедің деп бетіне баса берген соң, шыдай алмай төркініне кетіп қалады.

Балуан Шолақ сүйіктісіне үйленуге дайын болғанымен, арада қалыңмал дауы туып, іс билер сотында қаралады. Оқиғадан хабардар Балуан Шолақ не де болса, мал тауып, Ғалияның басын біржолата босатып алу үшін жедел түрде  Көкшетауға жүріп кетеді. Алайда, оның жолы болмайды. Басқан ізін аңдып жүрген жандармдар оны сол жерде ұстап түрмеге жауып тастайды. Осы екі ортада билер сотына шақырылған Ғалия Біржанды жеңіп, басын біржола арашалап алады. Алайда Балуан Шолақ бірнеше жылға жер аударып, хабарсыз кетеді. Сол уақыт аралығында «Балуанның елде тағы көп әйелі бар екенғ Шолақ пәлен жылға сотталып, жер аударылыпты» деген сыбыстар шығады. Осы кезде сұлу келіншекке сөз айтушылар да көбейіп, әкесі Ғалияны бір байға екінші әйелдікке бермек болады. Бұл шешімге Ғалия қарсы тұра алмайды.

Балуан Шолақты Ақмоладағы Қараөткелдің түрмесіне әкеліп қамайды. Мұнда да ол ғашығымен кездесуден үмітін үзбейді. Бірде түрме әкімшілігінен рұқсат алып, Ғалия осы маңайда жүрсе, естіп қалар деген оймен биік дуалдың үстіне шығып «Ғалия» әнін аспандата шырқап, шерін тарқатады.

 Балуан Шолақ бір жалаға бір жала жамалып, Көкшетаудағы түрмеде ұзақ жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Балуан Шолақты Ақмоладағы Қараөткелдің түрмесіне әкеліп қамайды. Мұнда да ол ғашығымен кездесуден үмітін үзбейді. Бірде түрме әкімшілігінен рұқсат алып, Ғалия осы маңайда жүрсе, естіп қалар деген оймен биік дуалдың үстіне шығып «Ғалия» әнін аспандата шырқап, шерін тарқатады. Ол Ғалияның екінші рет күйеуге шығып кеткенінен хабарсыз еді.

Ғалияның екінші күйеуі Қанапиямен де дәм-тұзы жараса қоймайды. Ғалия одан да айырылысып, Қараөткелге оралады. Мұнда келген соң, күн көру керек, қарап отыра алмайды, тағы да базарға шығып қымыз сата бастайды. Осында жүріп семейлік Ғалы деген жігітке тұрмысқа шығады. Кейін белгілі болғанындай, Ғалының Семейде әйелі қалған екен. Арада бес-алты жыл өткен соң, Ғалия Ғалыны ертіп Семейге келеді. Ондағы мақсаты – жолдан қосылған күйеуінің бірінші әйелінен кешірім сұрау. Әйел кешірген болуы керек, өйткені, бала көтермеген Ғалияның тілегін қанағат­тандырып, бір қызын ертіп жібереді. Ғалия оны өсіріп жеткізіп, өз қолынан ұзатады.

Бақытсыз келте ғұмырында Балуан Шолақтай ел арысының жүрегін сағынышпен өртеп, өлмес ән кейіпкеріне айналған ару ақыр соңында айықпас сырқатқа ұшырап, 1922 жылы 23 сәуірде 48 жасында қайтыс болады. Осылайша Балуан Шолақ пен Ғалияның махаббаттары баянсыз аяқталады…

(Мақала интернет желісі бойынша жазылды)

Пікір қосу