Құмар Жұмаханұлы  — (29 қыркүйек, 1987 жылы туған, ҚХР, Шыңжан, Сауан ауданы, Еренқабыр) — «Автомода» компаниясы мен «Қуырдақтың көкесі» ұлттық мейрамханасының басшысы.

Отбасы

Атажұртқа 2004 жылы қоныс аударған. Отбасылық жағдайы үйленген. Жолдасы Марғұлан. Алаш, Ақжүніс есімді екі баласы бар. Әкесі Жұмахан, анасы Нағима, мал шаруашылығымен айналысқан қарапайым отбасынан шыққан.

Құмар «Қазақстан-Заман» газетіне берген сұхбатынан: «Осыдан біраз жыл бұрын алғаш көлік сатып алғанда, анам маған өз қолымен тіккен оюлы көрпешесін сыйға тартып: «Мына шағын кәдесыйым сенің темір тұлпарыңның сәнін келтірсін, орындығыңа салып жүр, балам», — деп ақ тілегімен ұсынған болатын. Анамның бұл сөзіне алғашында қатты мән бермеппін және өзіміздің қазақы ою-өрнектердің соншама айшықты екеніне де жіті үңілмеппін. Бірде осы көлік ішінде отырып, көз жүгіртіп қарасам, шынында да ұлттық нақыштың көркемдігіне көзің тоймайды екен. Сонда ғана өзіме-өзім бірінші рет неге осындай үлгідегі автожабулар шығармасқа деген сауал қойдым. Міндетті түрде бұл ойымды жүзеге асырамын деп, өз-өзіме уәде бердім».

c9e6e7b69f98f516a54cfe2c9e25fb3f

2

Еңбек жолы

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистрі; Абай атындағы ҚазҰПУ-да ғылыми инспектор; «Әдемі-ай» компаниясында қызмет атқарған;  «Автомода» компаниясы мен «Қуырдақтың көкесі» ұлттық мейрамханасының басшысы («Қуырдақтың көкесі» ұлттық мейрамханасын ашқан, идея авторы белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила).

Пікір қосу