Шымкентте Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы сейсенбіде Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz TVK телеарнасына сілтеме жасап.

cd6f94c07fc865603aba7700b3960dd0_resize_w_520_h_ Жол апатына түскен Hyundai Accent жеңіл көлігінің тізгінінде спортшының әкесі отырған. Ал Жазира жолаушылар отыратын орында болған. Содан көшенің қиылысында Hyundai Accent көлігінің артына жүк көлігі келіп соғысқан. «Көлік қатты соққы алған жоқ, бірақ жаңа көлікпен болған жол-көлік оқиғасы бәрінің берекесін кетірді. Ал спортшының өзінен бұл жағдай жайлы мәлімет алу мүмкін болмады. Ол телефонын сөндіріп қойған», — делінген телеарнаның сюжетінде.

 

 

Пікір қосу