Белгілі мексикалық боксшы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы болуы мүмкін кездесу туралы өз пікірін айтты деп prosportkz.kz хабарлайды.

Альварес Головкинмен кездесуден әлі күнге дейін қашып жүр

«Golden Boy компаниясы Альвареспен кездесу үшін Головкинге белгіленген жалақы бермекші. Бұл дегеніміз, Канэлоның бұл кездесуден қашып жүргеннің белгісі. GGG-дің командасы ұсыныстан бас тарту үшін олар неғұрлым аз қаражат ұсынуда. Альварес — Головкин жекпе-жегінен 200-300 млн доллар табыс табуға болады, ал олар Геннадийге 40 миллион беріп құтылып кетпекші. Golden Boy қазақстандық боксшыға көбірек қаражат ұсынуы тиіс. Сауль — әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі. Бірақ өзінің мықтылығын дәлелдеу үшін ол «Трипл Джимен» жұдырықтасу қажет. Егерде Альварестің командасы Генаға жекпе-жектен табыстың 30, 35, 40 пайызын ұсынса, біз бұл кездесуді міндетті түрде көреміз», — деді Маркес Boxingscene.com сайтына.

Пікір қосу