Ноғайлы жұртында Қарабай мен Сарыбай есімді екі бай болады. Екеуі де перзентсіз. Аңда жүріп дос болады. «Үйдегі кісіміз жүкті деп» — деп, екеуі де буаз маралды атпайды. Әйелдері жүкті екенін біліскен соң бала тумастан бұрын іштегі балаға ежеқабыл ретімен бел құда болысады. Ұзамай сүйіншіге екі адам келіп, Сарыбайдың әйелі Мамабикеден ұл, Қарабайдың әйелі Қаракөзден қыз  туғанын хабарлайды. Екі әке серттесіп, ұл мен қызды қоспақ болады. Сарыбай құдалықтың қарғы бауы ретінде Қарабайға «Айбас» деген құлын береді.

Алайда Сарыбай үйіне жетпей аттан құлап өледі. Қарабай: «Қызымды жетім ұлға бермеймін»,- деп, Өлеңтінің аяғын өрлей Аякөзге көшеді. Бұған Әлжаппар дейтін құлы мұрындық болады. Қаракөз наразы. Көшкен күні оның сабасы жарылады. Сол жер Ақкөл, Жайылма атаныпты. Қырық нары арып жолда өледі. Аягөзге барған соң Ноғайлының биі Сұлтанғазы Қарабайдың ауылын ерулікке шақырады. Сонда Шақшақ байдың баласы Қодар Баянға ғашық болып, 90 мырза Баянды алмаққа Қарабайға жалшы болады. Айбас Баянға: «Алтын айдар, шоқ белбеу жарың бар, соны әкелемін» — деп, қанатты биеден туған Бақа айғырға мініп қашады. Сәлемдемеге Баянның домбырасын, бет моншағын, қарқарасын, алтын сандығын, ақ жамшысын алады. Мұны білген Қодар сегіз құлмен ит ішпес көлінде қуып жетіп атысады. Айбас Қодарлардың мініп келген он атын атып түсіріп, шөлде жаяу қалдырады. Қодарларды жеңгенімен адасып қалады. Алдынан өткелсіз қалың орман шығып, Баянның домбырасы мен моншағын ұмытады. Содан ол жер «Домбыралы», «Моншақты» атанған дейді. Сандығы қалған жер «Алтын сандық», «Ақша тау», Бақа айғырдың жауыр болған жері «Жауыр бұғы», Баянның туған жері  — «Баянауыл» атанған. Мамабикеге барса, ол Айбасқа: «Балама Баянды айтпа, қайта бер», — дейді.

Баян бейітке кіріп, өзін – өзі өлтіреді. Сол керуеншілерден үш адам құтылып, үш рулы елге барып, Қозы мен Баянның хикаясын өлеңмен жырлапты.

%d0%ba%d0%be%d0%b7%d1%8b_l
Аягөз қаласында орналасқан Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ескерткіш

Қозы Көрпеш батыр жігіт болып өседі. Бір кемпірдің үйін садақпен атқанда, ол: «Батыр болсаң, жарыңды тап»,- деп, қарғаған соң, шешесінің қолын ыстық бидайға қақтап, Баянның аты-жөнін сұрап біледі. Жылқыға барып, жүгенін сылдырлатса, бір қотыр тай қарайды. Ер-тұрманын салғанша қотыр тай күрең бесті болады. Қоралы қойын қасқырға, түйесін Алакөлге, жылқысын Жидебайға, шешесін құдайға тапсырған Қозы Көрпеш Аягөзге тартады. Шешесі: «Барғаныңнан келме», — деп қарғап қалады. Қозы жолай Айбасты қуып жетеді. Аягөзге барған соң Қозы боранда тоңып өлген бір тазша қойшының киімін киіп, қойға шыққан Баянға жолығады. Қозы Көрпеш үш жыл қой шетінде жүріп, Баянмен қызық дәурен сүреді.  Баян отауында жатқан Қозыны жеңгесі көріп, Қаракөзге айтса, ол: «Жатса жатсын, өз жары», — дейді.

%d0%ba%d0%be%d0%b7%d1%8b
Қозы көрпеш — Баян сұлу кесенесі

Бірақ Қарабай Қодардың тілімен  Ноғайлыны жиып,  Қозыға көр қазып, өлтірмекші болады. Жиналып келген жаудан Қозы қашып шығады.  Бірақ Қозы қауіпті сезіп, Шоқтерекке тығылады. Халін Баян қара торғайы арқылы біліп тұрады. Торғайды бір жолы қырғи қуып, қыздың мақпал шапанын киген жеңгесіне тығылғанда, жеңгесі торғайдың төбе жүнін жұлып өлтіреді. Ол Қодарға жақ еді. Бұдан соң Қодар, Қарабай, Әлжаппарлар торғайдың өлердегі «шоқ» деген сөзінен Қозының жатқан жерін біліп, Шоқтерекке барып, алаңсыз ұйықтап жатқан Қозыны атып өлтіреді. Қыз ызаланып әкесіне «енді мені өзің ал» деп қарғайды. Баян ботасы өлген боз інгенді жетегіне алып, екеуі қосыла зарлайды.  Баян ел көшкенде жұртта қалады. Қодар Баянға көңілін білдіріп: «маған ти», — дейді. Қыз: «Тиейін, бірақ Қозыны бір көрсет», — деп жауап береді.  Шоқтерекке барған соң, Баянның өтініші бойынша, Қодар  оның  бұрымынан ұстап құдыққа түсіреді. Ол бұрымын қиып, Қозының жанына келіп, зар илеп жылайды. Көзі ілінген Баянға қырық шілтен аян беріп, Қозыны үш күнге тірілтіп береді. Екі ғашық үш күн, үш түн бас қосып дәурен сүреді. Үш күннен кейін Қозы қайта өледі.  Бірақ қырық бір қызыр жолығып, екі ғашыққа отыз бір жыл жұбайылық өмір береді. Екеуін түсінде көрген Қаракөз Бақа айғырды ерттеп жібереді. Оларды тапқан Бақа айғырға  мініп, Өлеңтінің бойында отырған Қарабай ауылына келеді.  Келіп той жасайды. Сосын Жұпар қорығында отырған Сарыбай ауылына ұзатылып барады. Барса Жидебай дейтін құлы Қозының шешесін азапқа салған екен.  Қозы  шешесін азаптан арылту үшін,  жылқы сүтіне шомылдырып, уайым-қайғысын кетіреді. Сөйтіп, отыз бір жыл толған соң екеуі қызырдың аянымен Аягөзге келіп, Қозы өледі. Баян тағы да жоқтап жылайды. Сол кезде үстіне бір топ керуен келіп, Баянға ғашық болады. Қозыға бейіт орнатады. Баян ақылы асқанға тиемін деген соң, керуеншілер өзді-өзі төбелесіп, қырылады.  Керуеншілер қырылысып  жүргенде, Баян бейітке кіріп, өзін – өзі өлтіреді. Сол керуеншілерден үш адам құтылып, үш рулы елге барып, Қозы мен Баянның хикаясын өлеңмен жырлапты.

(Шөже ақынның жырлаған нұсқасы бойынша)

Пікір қосу